Депаратмаент Наурыз мейрамын атап өтті

Депаратмаент Наурыз мейрамын атап өтті

Наурыз мерекесі аясында 2025 жылдың 22 наурызында Семей қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған киіз үй орнатып, келушілер ақынның шығармашылығымен және өмірімен танысты. Киіз үйде ақынның  кітаптары, сондай-ақ шығармашылық жолы туралы бейнематериалдар қойылды.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов  1935 жылғы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келді.

Жұмекен Нәжімеденов өмірден ерте кетіп, халыққа баға жетпес өлеңдер қалдырды. Ол шексіз талантты ақын болды. Тек жылдар өткен соң, дәлірек айтсақ, ондаған жылдар өткен соң, біз туған жерімізге, халқымызға шексіз берілген жерлесіміздің поэтикалық сыйлығын лайықты бағалай алдық.

Негізгі жұмыстары:

  • «Күй кітабы» поэзия жинағы
  • «Ашық аспан» поэзия жинағы
  • «Менің топырағым» поэзия жинағы
  • «Ақ шағыл» романы
  • «Кішкентай» романы
  • «Даңқ пен дақпырт» романы
  • Қазақстан Республикасының заманауи Әнұраны мәтінінің авторы.