
2025 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі медициналық
және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша
департаментінде медициналық ұйымдардың пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің өкілдеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді.
«Ашық есік күнінде» Департаментке медициналық ұйымдардың пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің өкілдері келді: «Победа» ММ, АО ДСБ «№2 емханасы» , АО ДСБ «№4 емханасы», АО ДСБ «№7 емханасы» , АО ДСБ «№9 емханасының» сарапшысы, АО ДСБ «№1 Қалалық ауруханасы» және т. б.
Пациенттерді қолдау қызметінің және медициналық ұйымдардың ішкі талдауының сапалы жұмысы үшін кадрларды тартып қана қоймай, олардың біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне де назар аудару қажет. Құрылымды клиникалық фармакологтар мен эпидеомологтармен, заңгерлермен, IT технологиялары бойынша мамандар мен психологтармен толықтыруға болады.
Қатысушылар департаменттің қызметімен, құрылымымен және әртүрлі бөлімдерде жұмыс істейтін мамандармен танысты.
Іс-шара бірлескен суретке түсірумен және байланыс үшін байланыс нөмірлерімен алмасумен аяқталды.