«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерімен «Ашық есік күні» өтті

«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерімен «Ашық есік күні» өтті

2026 жылғы 3 сәуірде «Семей медицина университеті» КеАҚ алаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департамент басшысы Н.С. Ибраев «Жалпы медицина» мамандығының студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шара «Ашық есік күні» аясында ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының қолдауымен өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты — болашақ мамандарды Департаменттің қызметімен, құрылымымен, жұмыс бағыттарымен және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерімен таныстыру.

Іс-шара барысында студенттер өзекті сұрақтарын қойып, кәсіби ұсыныстар алды, бұл болашақ дәрігерлердің кәсіби қызығушылығын арттырып, мемлекеттік бақылау жүйесі туралы білімдерін кеңейтті.