
⚜️Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамына орайластырылған «Наурызнама» ресми мерекелік онкүндігін тойлау аясында, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері дәстүрлерді белсенді қолдап, мерекелік шараларға қатысуда.
⚜️Бүгін ерекше назар 18 наурыз — Ұлттық киім күніне аударылды. Осы күні департамент қызметкерлері қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрге құрмет көрсетті.
⚜️Ұлттық киім күні және оған қатысу ұлттық мәдениетті сақтау мен насихаттауға, дәстүрлерді құрметтеуге және ұжымның бірлігін нығайтуға бағытталған. Ұлттық киім қазақ халқының тарихи, мәдени және эстетикалық ерекшеліктерін айқындайды.
«Наурызнама» онкүндігі қоғам құндылықтарын дәріптейтін бірқатар тақырыптық күндерді қамтиды:
⚜️14 наурыз — Көрісу күні;
⚜️15 наурыз — Қайырымдылық күні;
⚜️16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні;
⚜️17 наурыз — Шаңырақ күні (Отбасы күні);
⚜️18 наурыз — Ұлттық киім күні;
⚜️19 наурыз — Жаңару күні;
⚜️20 наурыз — Ұлттық игілік күні;
⚜️21–22 наурыз — Наурыз мейрамы.