Департамент тарапынан медициналық ұйымдармен этил спиртін нақты алу және пайдалану нәтижелерін талдау қорытындылары негізінде онлайн-кеңес өткізілді

Департамент тарапынан медициналық ұйымдармен этил спиртін нақты алу және пайдалану нәтижелерін талдау қорытындылары негізінде онлайн-кеңес өткізілді

2026 жылғы 6 ақпанда Департамент тарапынан медициналық ұйымдармен онлайн-кеңес өткізілді.
Кеңеске фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі бөлім басшысы және бас маман қатысты.

Кеңес 2025 жылға этил спиртін нақты алу және пайдалану нәтижелерін талдау қорытындылары негізінде өткізілді.

Кеңес барысында медициналық ұйымдар тарапынан этил спиртінің қолда бар қалдықтары, сондай-ақ этил спиртін тоқсан сайынғы қажеттіліктеріне сәйкес сатып алуда туындап отырған мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді. Медициналық ұйымдардың түсіндірмелері жоғары тұрған органға жеткізілетін болады.