Департамент тарапынан Абай облысының бөлшек сауда желісінің субъектілерімен онлайн-кеңес өткізілді

Департамент тарапынан Абай облысының бөлшек сауда желісінің субъектілерімен онлайн-кеңес өткізілді
2026 жылғы 4 ақпанда Департамент тарапынан Абай облысының бөлшек сауда желісінің субъектілерімен онлайн-кеңес өткізілді.
 
Кеңес келесі өзекті мәселелер бойынша өткізілді:
1.Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау, оның ішінде:
– дәрілік заттарды таңбалау кодтарын айналымнан қайта шығару;
– бір таңбалау кодын дәріхана ұйымы тарапынан бір реттен артық айналымнан шығару;
– дәріхана ұйымдарының бақылау-кассалық машиналарды қолдануы;
2.Медициналық бұйымдарды таңбалау және қадағалау бойынша жұмыстарды бастауға дайындық;
3.Фармацевтикалық қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық актілердегі өзекті өзгерістер, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік мәселелері және ҚҚС мөлшерлемесінің төмендеуі.
 
Кеңес қорытындысы бойынша дәрілік заттардың қозғалысындағы аномалиялар, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау саласындағы өзекті проблемалар қаралып, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер жеткізілді, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары туралы ескертулер айтылды.