
«DariKZ» мобильді қосымшасы — дәрілік заттар және олардың қауіпсіздігі туралы ресми ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
«DariKZ» мүмкіндіктері:
-- дәрілік заттардың бағасын тексеру
-- жанама әсерлер туралы шағым жолдау
-- дәрілік препараттар жөніндегі нұсқаулықтар мен ақпарат алу
-- баламалы дәрілік заттар тізімін қарау
-- және басқа да пайдалы мүмкіндіктер
Маңызды: дәрілік заттарды қолдану кезінде жанама әсерлер анықталған жағдайда, пайдаланушылар «DariKZ» мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарлама жолдай алады, бұл дәрілік қауіпсіздікті арттыруға және халық денсаулығын қорғауға ықпал етеді.