Аналар кеңесінің отырысы

Аналар кеңесінің отырысы

27.08.2025 жылы республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары-Ахатай Баян Орынбасарқызының қатысуымен аналар кеңесінің жұмыс отырысы өтті.
Кездесу аясында өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеудің маңызды құралы ретінде "Жасыл сертификат" бағдарламасын ілгерілетудің негізгі бағыттары талқыланды.
Бастама салауатты, саналы және экологиялық жауапты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған "Салауатты сана" ҚХА республикалық жобасы шеңберінде іске асырылуда.
Отырысқа ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы - Кулуштаева Жадыра Манарбековна қатысып, Департаменттің қызметі, бағыттары және жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың лицензиясыз фармацевтикалық қызметін, сондай-ақ рецепт бойынша қатаң түрде жіберілетін дәрі-дәрмектерді дәріхана ұйымдарының рецептісіз өткізудің алдын алу және жолын кесу мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.