
Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес, медициналық қызмет көрсететін ұйымдардың барлық әкімшілік аумақтарда қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының (лицензиялар, лицензияға қосымшалар, мамандардың сертификаттары) бар-жоғына мониторинг жүргізу қажет.
Бұған дейін ұқсас жұмыс Департамент қызметкерлері, облыс прокуратурасы органдарының тексерістері аясында жүргізілген болатын. Алайда ол кезде тек мемлекеттік тапсырысты орындайтын (ӘМСҚ-мен шарттары бар, меншік нысанына қарамастан) субъектілер қамтылды.
Бұл жолы барлық субъектілер қамтылуы тиіс — оның ішінде еш жерде тіркелмеген, рұқсат құжаттары жоқ, салық төлемейтін және т.б. мекемелер де бар болуы мүмкін. Мониторингті толыққанды есептілігін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінен қоғамдық кеңестерді, «Аманат» партиясының филиалдарын, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерін Абай облысының барлық қала және аудан деңгейінде осы жұмысқа тартуға қолдау көрсетуді сұраймыз. Бұл жұмыстар қала аудан әкімдіктерінің үйлестіруімен жүзеге асырылуы тиіс.Қазіргі уақытта Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілеттіктерін кеңейту және қосымша бақылау функцияларын беру жөніндегінормативтік құқықтық актілерге қол қойылуда. Мұндай функциялардың енгізілуі рұқсат құжаттары жоқ субъектілерді анықтап, олардың қызметін тоқтатуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде халық үшін әлеуметтік салдарларға әкелуі мүмкін.