
Абай облысы, Семей қаласы, Жүсіпбек Аймауытов көшесі, 84А мекенжайында орналасқан «GEORGICH» ЖШС дәріханасына жүргізілген инспекция нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 04 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген «Тиісті фармацевтикалық тәжірибелерді бекіту туралы» дәріхана практикасы стандартына (GPP) сәйкестігіне сертификат берілді. GPP стандарты халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, дәрілік зат туралы дұрыс ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға, рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге және орын алған дәрілік препараттардың жанама әсерлері туралы ақпарат беруге және өзін-өзі емдеуге көмек көрсетуге бағытталған.
Тиісті дәріханалық практика стандартын (GPP) енгізудің барлық мәселелері бойынша Абай облысы бойынша келесі мекенжайға хабарласуыңызға болады:Семей қаласы, Академик Павлов көшесі 60,тел. 8-708-467-16-75.