2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.
2025 жылдың 7 маусымында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мереке аясында Департамент қызметкерлері Абай атындағы мұражайға барды.
Бас музей кешені – 1995 жылы салынған күмбезді ғимарат, көпес Роман Ершовтың үйі, 1993 жылы кешен аймағына көшірілген Ахмет Риза медресе-мешіті, музейдің әкімшілік үйінен тұрады.
Музей – Абайдың өмірі мен шығармашылығы және оның ақындық-өнер айналасы, сол замандағы тарих пен мәдениет құбылыстары, заттық, құжаттық жәдігерлерді сақтап, насихаттап, қорғап отырған қара шаңырақ болып табылады.