Астанада «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Астанада «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында «MUFTIYAT» баспасының «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітабы таныстырылды. Іс-шара «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өтті.

Үш бөлімнен тұратын туындыда ислам дінінің қазақ даласына келу тарихы, халықтың салт-дәстүрінде діннің алатын орны және сенім негіздері туралы баяндалған.

Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі