Интернет-конференция бойынша хабарландыру

Интернет-конференция бойынша хабарландыру

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Дінтану сараптамасын жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өткізетінін хабарлайды.

Интернет-конференция барысында дінтану сараптамасын жүргізу барысы,  мақсаттары мен міндеттері және т.б. туралы айтылады.

Конференцияға ҚР АҚДМ Дін істері комитеті, дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Нұрғали Қабылов қатысады.

Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/3208 сілтемесі бойынша аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.

Интернет-конференция 2023 жылғы 20 сәуірде сағат 9:00-18:30 аралығында өтеді.

Қосымша сұрақтар бойынша жауапты орындаушы: Нұрғали Қабылов, тел.: 74-09-70, +7 771 888 57 08.