Семинар өтті

Семинар өтті
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Пайымда» диалог алаңы жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында сарапшылар заманауи трендтер мен негізгі бағыттар, интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде профилактикалық жұмыстың жаңа әдістері, қазақстандық медиа кеңістіктегі ақпараттық жұмыстардың ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөлісті.