Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті

Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті

«Нұр-Сұлтан қаласының баһаи қауымдастығы» діни бірлестігінің кеңсесінде Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан діни бірлестіктерінің, ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиналыс жұмысы барысында мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды.

Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері қатысушыларды діни бірлестіктердің қаржылық қызметіне қатысты бастамаларымен таныстырды.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің қазақстандық және әлемдік қоғамдастық үшін маңызы жөнінде атап өтті. Діни бірлестіктердің өкілдері 2023-2033 жылдарға арналған жаһандық дінаралық диалог алаңы ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар енгізуге ниет білдірді.