Дін - рухани діңгегіміз

Дін - рухани діңгегіміз

ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов Алматы өңіріне  қызметтік іссапармен барып, облыстың бас имамымен және Қарасай ауданындағы ҚМДБ өкілдігінің имамдарымен, сондай-ақ «Жусан» операциясы шеңберінде елге қайтарылған әйелдермен және оларды оңалту жұмыстарымен айналысатын «Ақниет» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында өңірде жүргізіліп жатқан дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жүргізуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар және әртүрлі конфессиялық топтар арасындағы қатынастарды реттеу мәселелері талқыланды.

Өзара пікір алмасу барысында Алматы өңіріндегі дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021–2023 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалу барысы; және оңалтудан өткен азаматтардың әлеуметтік өмірге бейімделуі кезінде туындаған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар іссапар аясында Комитет төрағасы Ержан Нүкежанов Алматы қаласының және Алматы облысының Дін істері басқармаларының және Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының мамандарымен кездесті.