«Әртүрлі елдердің татулығы мен бірлігі» фотокөрмесі ашылды

«Әртүрлі елдердің татулығы мен бірлігі» фотокөрмесі ашылды

Бүгін, 27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Әр түрлі елдердің татулығы мен бірлігі» атты фотокөрменің ресми ашылуы мен «Әлем және толеранттылық: менің көзіммен» балалар суреттері байқауының қорытынды шарасы өтті.

 

Көрменің ашылуына Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Е.Оңғаров, Нұр-Сұлтандағы әулие Мария Рим-Католик Архиепархиясының архиепископы Т.Пэта, Қазақстандағы Евангелиялық-лютерандық шіркеудің архиепископы Ю.Новгородов, бахаи қоғамдастығының өкілі Ә.Сәбит, Вон буддистердің Алматы шіркеуінің жергілікті өкілі Э.Ким қатысты.

Шара мақсаты - толерантты дүниетанымды қалыптастыруға және әлемнің түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауға шақыру; конфессияаралық және өркениетаралық диалогты нығайтуға, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы бірлескен жауапкершілікке ықпал ету. 

 

Фотокөрме бірлік, толеранттылық, дінаралық келісім тақырыбын, ортақ рухани адами құндылықтар мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы — азаматтық теңдік төңірегінде топтасуды, қазақстандық бірегейлік пен бірлік іргетасы — мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықты бейнелейді.

Сонымен қатар, аталмыш шараның аясында Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушыларының 60 жұмысы қатысқан «Әлем және толеранттылық: менің көзіммен» балалар суреттері байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.