Ашық диалог. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын сақтау туралы»

Ашық диалог. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын сақтау туралы»
А.ж. 15 қазанда сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін «Ашық диалог» порталында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын сақтау туралы» интернет-конференциясы өтеді.
​Интернет-конференция барысында діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру, діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасының субъектілері мен объектілері, діни бірлестіктердің мемлекетпен өзара іс-қимылы талқыланатын болады.
​Конференцияға ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы мен сарапшылар қатысады.
​Сұрақтар туындаған жағдайда жауапты орындаушы – Манетов Беимбетке хабарласуға болады, тел: 74-01-04.
​Интернет-конференция мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://dialog.egov.kz/conference/2019