Дінтану сараптамасы саласындағы құқықтық қамтамасыз ету шараларына қатысты семинар өтті

Дінтану сараптамасы саласындағы құқықтық қамтамасыз ету шараларына қатысты семинар өтті

Бүгін, 9 қыркүйекте Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдар мен дін саласындағы мекемелердің мамандарына арналған онлайн семинар жұмысы өткізілді.

Семинар барысында дінтану сараптамасын жүргізу жұмыстарына, соның ішінде құқықтық қамтамасыз ету шараларына басымдық берілді. Сондай-ақ, сараптама қорытындысына қатысты құқықтық алаңдағы өзекті проблемалар талқыға салынды.

Дінтану сараптамасының қорытындыларына қатысты Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты, сараптама қорытындысы негізінде атқарылатын іс-шаралар туралы өз тәжірибесімен Атырау облысы Дін істері басқармасы мамандары және де осы бағыттағы құқықтық қамтамасыз ету шараларына қатысты Дін істері комитетінің басқарма басшысы баяндама жасады.

Спикерлер дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша құқықтық негізде атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығына, қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен дін саласындағы мекемелердің қызметіндегі кейбір проблемалық мәселелер қозғалды.

Семинар барысында сындарлы пікір алмасып, нәтижесінде кездесуге қатысушыларға нақты ұсынымдар берілді.