Қазақстандық мемлекеттік органдар АҚШ-тың ҚР-дағы елшілігімен адам құқықтары мәселелерін талқылады.

Қазақстандық мемлекеттік органдар АҚШ-тың ҚР-дағы елшілігімен адам құқықтары мәселелерін талқылады.

8 қыркүйекте онлайн форматта қазақстандық мемлекеттік органдар және Америка Құрама Штаттарының ҚР-дағы елшілігінің қатысуымен адам құқықтары бойынша жұмыс тобының он төртінші отырысы өткізілді.

Отырысқа төрағалық еткен әділет вице-министрі Ақерке Ахметова, талқылауға Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров, Білім және ғылым министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Талғат Калиев, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ ҚР-дағы АҚШ елшілігінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі ретінде «Жусан» және «Русафа» операцияларымен қайтарылған азаматтарды оңалту және қайта интеграциялау қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, «Жусан» гуманитарлық операциясы біздің азаматтарымызды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша 2019 жылы басталған болатын. Операция қорытындысы бойынша қазіргі уақытқа дейін 700-астам азамат елге оралды, олардың басым бөлігін әйелдер мен балалар құрайды.