ҚР АҚДМ-де АҚШ-ң «LYN Community» үкіметтік емес ұйымының президентімен кездесу өтті

ҚР АҚДМ-де АҚШ-ң «LYN Community» үкіметтік емес ұйымының президентімен кездесу өтті

Бүгін, 3 қыркүйекте, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың АҚШ-ң «LYN Community» ҮЕҰ Президенті Уэйд Кусакпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар республикадағы түрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде, У. Кусак Діни сенім бостандығы және конфессияаралық диалог орнату мәселелерін талқылау бойынша бірлескен іс-шараларды өткізуге көмектескені үшін Министрлікке алғыс білдірді.

Кездесу соңында Ержан Нүкежанов Министрлік конфессияаралық келісім мен діни сенім бостандығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті, сондай-ақ АҚШ-ң «LYN Community» ҮЕҰ-мен одан әрі жемісті ынтымақтастық пен өзара түсіністікке сенім білдірді.