«Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының өкілдерімен кездесуі

«Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының өкілдерімен кездесуі

2017 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын «Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Ислам Даму Банкімен және Halal индустриясын дамыту жөніндегі малайзиялық органдармен «кері байланыс» жобасының шеңберінде ынтымақтастық және «Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының презентациясымен танысты.

Кездесу барысында Б.Арын қатысушыларды «Институционалдық бес реформаны іске асырудағы 100  нақты қадам Ұлт жоспарын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 56.2 «3-4 экспорттық қазақстандық брендті құру және іске асыру» қадамын орындау мақсатында «Халал» зонттық брендінің Жол картасы бекітілгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, «Халал» сөзі тікелей діни ұғымға қатысты болғандықтан, халал өнімді стандарттау және сертификаттаумен ҚМДБ-ның ғана айналысуын, сондай-ақ халал индустриясы ет-сүт және тағы басқа да қажетті тағам өнімдерімен шектелудің орынды екендігін атап өтті.