Республиканың діни бірлестіктері өкілдерінің жиналысы мүшелерінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Республиканың діни бірлестіктері өкілдерінің жиналысы мүшелерінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар!

Біз, еліміздің діни бірлестіктерінің өкілдері, барлық отандастарымызды жалпыұлттық мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз.

Бірінші Мамыр мерекесін тойлау ғажайып дәстүрге, бейбітшілік пен келісімнің символына айналды. Тәуелсіз Қазақстанның табыстары мен жетістіктері – бұл ең алдымен, барлық қазақстандықтардың ұлттық және діни ерекшелігіне қарамастан, ұлы және мызғымас достығының нәтижесі. Бұл еліміздегі тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділігіміздің кепілі.

Бұл айтулы күнде әрбір қазақстандық бір үлкен және тату отбасының бір бөлігі болып табылатынын терең сезінеді.

Қазақстан халқының бірлігі күні әрқайсыңызға жақсылық пен молшылық, бақыт пен қуаныш, амандық пен мейірімділік тілегіміз келеді.

Жаратушының көмегімен әрқашан сіздердің үйлеріңіз бен біздің құтты жерімізде бейбітшілік, тыныштық пен береке болсын!