ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты

ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты

Бүгін онлайн-форматта Қазақстанның мемлекеттік органдары мен АҚШ Елшілігінің қатысуымен Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобының кезекті оныншы отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов қатысты. Ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық аясында, оның ішінде, адамның діни сенім бостандығының құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сенімді қарым-қатынас жалғастып жатқанын атап өтті.

Шара барысында Қазақстандағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, сондай-ақ діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Анықтама:
2019 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген серіктестігі жөніндегі комиссияның қорытындылары бойынша Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобы Америка Құрама Штаттарының Елшілігімен жұмыс істеп келеді.