Өңірлік консультативтік жұмыс тобының екінші отырысы

Өңірлік консультативтік жұмыс тобының екінші отырысы

Бүгін, 28 сәуірде онлайн форматта Орталық Азия елдері - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда діни сенім бостандығын жетілдіру үшін ұсынымдар бойынша әзірлеу Өңірлік консультативтік жұмыс тобының екінші отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ә.Хатиев қатысты.

Отырыс барысында тараптар діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады.

Екінші өңірлік консультативтік жұмыс тобының қатысушылары дін саласында тығыз және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайту туралы ниеттерін білдірді.

Өңірлік консультативтік жұмыс тобы азаматтардың діни сенім және ар-ождан бостандығына құқықтарын іске асыру бойынша Орталық Азияның озық тәжірибелерімен алмасу үшін инклюзивті алаң болып табылады.