Дін саласы мамандарына арналған онлайн-семинар өтті

Дін саласы мамандарына арналған онлайн-семинар өтті

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Дін істері комитеті дінтану сараптамасын жүргізу жұмыстарына қатысты дін саласы мамандарына арналған онлайн-семинар жұмысын өткізді.

Семинар барысында діни радикализм мен экстремизмге шақыратын үндеулері бар материалдардың алдын алу, қоғамның дін саласындағы заңнамалық сауатын одан әрі жетілдіру жұмыстары тереңірек талқыланды.

Онлайн-семинарға Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының қызметкерлері және Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының сала мамандары қатысты.

Жалпы семинар барысында қатысушы мамандар дінтану сараптамасына қатысты өзекті проблемалар, интернет кеңістігіндегі діни материалдар туралы және де діни қызмет саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша ашық диалог жүргізіп, нәтижелі пікір алмасты.