ҚР АҚДМ өкілдерінің Герман халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) қызметкерлерімен кездесуі өтті

ҚР АҚДМ өкілдерінің Герман халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) қызметкерлерімен кездесуі өтті

2021 жылғы 6 сәуірде онлайн-режимде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдерінің Герман Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) өкілдігінің қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Министрлік тарапынан Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшысы Е.Ж. Есбергенов, сарапшы И.И. Сулейманова, Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Е.Б. Кенжеханов, Интернет кеңістікті діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының сарапшысы А.М. Шлыкова, ал GIZ өкілдігінен - жоба жетекшісі Кати Зетцкорн ханым, жоба ассистенті Кристина Якуба қатысты.

Кездесу барысында GIZ қызметкерлері "Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу" жобасын ұсынды, оның жалпы мақсаты зорлық-зомбылық экстремизмнің пайда болуына жол бермеу аясында тиісті шараларды жетілдіруге бағытталған.

Тараптар ұсынылған жобаны іске асыру жөніндегі жекелеген тармақтарды және Министрлік пен GIZ арасындағы одан әрі болашақ ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін талқылады.