Орталық Азияның конфессиялық әлемінің сұрақтары халықаралық конференцияда талқыланды

Орталық Азияның конфессиялық әлемінің сұрақтары халықаралық конференцияда талқыланды

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Орталық Азияның конфессиялық әлемі: жағдайы, тәуекелдері, шешу жолдары» халықаралық онлайн-конференциясы өтті.

Конференция барысында жаһандық үрдістер аясында Орталық Азия өңіріндегі қазіргі заманғы діни ахуалды қалыптастыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Халықаралық сарапшылар өңірдегі конфессияаралық үдерістерді дамытудың негізгі трендтеріне талдау жасады, мемлекеттер мен қоғамдардың зайырлы дамуы жағдайында дін саласын заңнамалық реттеудің маңызды рөлі атап өтілді, дін саласындағы одан әрі өңірлік ынтымақтастық бойынша ортақ мақсаттар мен міндеттер белгіленді.

Онлайн-конференция жұмысына Нұрсұлтан Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының Басқарма төрағасы Алтай Әбибуллаев және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров, сондай-ақ халықаралық сарапшылар, дін қайраткерлері, ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. Конференцияға қажылық Министрінің орынбасары, Ауғанстан Ислам Республикасы қайырымдылық басшылығы – Мохаммад Осман Тарик, Орыс Православие Шіркеуінің дінаралық қатынастары бойынша Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің хатшысы – Димитрий Сафонов, Исламабад халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры Зия ул – Хак және басқалар қатысты.