Адам құқықтары жөніндегі «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» диалогының ХІІ отырысы

Адам құқықтары жөніндегі «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» диалогының ХІІ отырысы

А.ж. 26 қарашасында онлайн форматта Адам құқықтары жөніндегі «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» диалогының ХІІ отырысы өтті.
Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов «Қазақстандағы дін бостандығы туралы» баяндама оқыды.
Е.Нүкежанов қатысушыларға Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесі, мемлекет пен діннің өзара іс-қимылының қазақстандық моделін құру бойынша Қазақстанда іске асырылып жатқан шаралар туралы хабарлады. Сондай-ақ, ол адамдардың ар-ождан бостандығы құқығын қамтамасыз ету және барлық заңды жұмыс істейтін діни бірлестіктермен сындарлы ынтымақтастық орнату бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.
​Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген əріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру аясында өткізу көзделген.