Дін саласындағы мамандарға арналған оқыту семинар-тренингінің екінші күні өтті

Дін саласындағы мамандарға арналған оқыту семинар-тренингінің екінші күні өтті

25 қараша күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандарға арналған SMM-насихаттау және әлеуметтік желілердегі профилактикалық жұмыстардың өзге де аспектілері бойынша екі күндік оқыту семинар-тренингінің екінші күні өтті.

Семинарға 150-ден астам адам – теологтар, дінтанушылар,психологтар, діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарға тартылған ақпараттық-түсіндіру топтарының лекторлары және басқа да сала мамандары қатысты. Олар деструктивті және радикалды онлайн-насихатқа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыстардың деңгейін сапалы арттыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік желілердегі контенттерді ілгерілету құралдарын тиімді пайдалану бойынша оқытылды.

Семинар барысында копирайтинг, PR және коммуникация мамандары дұрыс контент-жоспар жазу, визуалды контентті ресімдеу, аудиториямен жұмыс істеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, SMM-дегі соңғы трендтер туралы айтты. Сондай-ақ, семинар-тренингке қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, оларды кеңінен талқылауға мүмкіндік алды.