Министр Діни мекемелердің рөлі туралы халықаралық конференцияға қатысты

Министр Діни мекемелердің рөлі туралы халықаралық конференцияға қатысты

Бүгін, 2020 жылдың 25 қарашасында, Нұр-Сұлтанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерекесі аясында мүфтияттың ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы діни мекемелердің рөлі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев, Діни басқарманың имамдары, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия бас мүфтилері, елдің ғылыми қоғамдастық өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Халықаралық конференцияның мақсаты - ғаламдық ақпаттарға қарсы тұруға және бейбітшілік пен рухани келісімді қамтамасыз етуге үлкен үлес қосатын діни институттардың беделі мен рөлін арттыру.

Конференция барысында министр Аида Балаева Қазақстан, Ресей, Орталық Азия елдері мен Түркияның діни мекемелерімен бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарды қарсы насихаттауда және діни және теологиялық білім беру саласында жан-жақты тәжірибе алмасуды, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Сонымен бірге, Аида Балаева діни институттар қоғамдағы түрлі мәселелердің алдын алу үшін зиялы қауым өкілдерінің, ғылыми қауымдастықтың, жастар аудиториясының, еріктілер қоғамының әлеуетін толық пайдалану қажет екенін атап өтті.

Аида Балаева шараға қатысушылар мен қонақтарға сәттілік тілеп, Діни басқарманың 30 жылдығы аясында өткізілген халықаралық конференция қоғамдағы діни мекемелердің ұйымдастырушылық және тәрбиелік қызметіне жаңа серпін беретіндігін атап өтті.