Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
Дін саласы
15 октября 2020
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы Басқармасының Төрағасы Алтай Әбибуллаев пен Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – Орталық пен Назарбаев Университеті арасында бірлескен іс-шаралар өткізу, диалогтық алаңдар мен дінаралық, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған дискуссиялық алаңдар ашу, діни дәрістер, діни көшбасшылардың, көрнекті мемлекет қайраткерлерінің, ғалымдардың, орталық өкілдерінің қатысуымен тұлғалық дәрістер мен сараптамалық кездесулер өткізу.

Тараптар серіктестік қатынастарды дамытуға, конфессияаралық және этносаралық келісімнің, толеранттылықтың, үйлесім мен бейбітшіліктің қазақстандық бірегей моделін ілгерілетуге бағытталған перспективалық жобаларды іске асыруда ақпараттық қолдау көрсетуге бар күш салуға дайын.

Анықтама үшін: Назарбаев Университеті – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. бастамасымен ашылған Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жоғары оқу орны. Университет  ұлттық білім беру жүйесінің артықшылықтары мен әлемдегі ең жақсы ғылыми- білім беру тәжірибесін біріктіретін Қазақстандағы ұлттық білім берудің ұлттық бренді санатында.

 

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  Н.Назарбаев орталығының миссиясы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын ілгерілету, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын халықаралық деңгейде танымал ету, халықаралық диалогты ілгерілету бойынша жаңа бастамаларды дамыту.

15 октября 2020
«Зайырлылық қағидаттарын қамтамасыз ету» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті

Бүгін, 15 қазанда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдар мен дін саласындағы мекемелердің басшыларына арналған «Зайырлылық қағидаттарын қамтамасыз ету» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті.

Төраға өзінің кіріспе сөзінде, елімізде дінаралық бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру және қолдау жөніндегі белсенді мемлекеттік саясатпен ерекшеленетін зайырлы мемлекеттің бірегей моделі қалыптастырылғанын атап өтті.

Семинарда «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ Әдістемелік жұмыс департаментінің директоры Дианна Есенова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аймақтану кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Айгерім Оспанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Тышхан Кеңшілік баяндама жасады.

Іс-шараға дін істері комитетінің, дін істері басқармаларының және дін проблемаларын зерттеу жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Спикерлер қазақстандық зайырлылық моделінің ерекшеліктерін және оның елдегі конфессияаралық келісімді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттің зайырлы саясатын іске асыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдар мен дін саласындағы мекемелердің қызметіндегі негізгі проблемалық мәселелер қозғалды.

Семинар барысында сындарлы пікір алмасып, нәтижесінде кездесуге қатысушыларға нақты ұсынымдар берілді.

12 октября 2020
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілхановтың «LYNС» үкіметтік емес ұйымының (АҚШ) президенті У. Кьюсакпен және Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының төрағасы А. Клюшевпен кездесуі

12 қазанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов «LYNC» үкіметтік емес ұйымының президенті У. Кьюсакпен және Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының төрағасы А. Клюшевпен кездесті.

Кездесу барысында М. Әзілханов Министрлік «LYNС» ҮЕҰ (АҚШ) мен ҚДБҚ-на Қазақстанда діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсеткенін және көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстан конфессияаралық келісім мен діни сенім бостандығы саласында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, одан әрі жемісті ынтымақтастық пен өзара түсіністікке сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар діни бостандық және конфессияаралық диалог орнату мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстелдер сериясын өткізуге дайындық мәселелерін талқылады.

06 октября 2020
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Құқық және дін мәселелері жөніндегі ХХVІІ Халықаралық симпозиумға қатысты

2020 жылғы 5 қазанда Бригам Янг Университетінің (АҚШ) жанындағы Заң және дін саласындағы халықаралық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Заң және дін мәселелері жөніндегі виртуалды форматта ХХVІІ Халықаралық симпозиум өтті.

Діни бостандықтарды қамтамасыз етудің саяси-құқықтық аспектілері бойынша іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің заң шығару палатасы төрағасының бірінші орынбасары Акмаль Саидов, ЮНЕСКО Әлемдік мәдениет және діндер кафедрасының доценті, Қырғыз-Ресей Славян университетінің Дінтану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Индира Асланова және басқалар қатысты.

Симпозиум барысында Марат Әзілханов Қазақстанның ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі қоғамдағы тұрақтылықты нығайту және адам құқықтарын сақтау үшін қажетті жағдай ретінде конфессияаралық келісімді дамыту болып табылатынын атап өтті.

Жалпы, симпозиумға қатысушылар Орталық Азия елдеріндегі діни ахуалды, сондай-ақ діни сенім бостандығы саласындағы адам құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

АҚШ-тың ЮТА штатында орналасқан Бригам Янг университеті - 2000 жылы діни бостандықтарды қамтамасыз ету саласында зерттеулер жүргізуге бағытталған дін мен құқықтарды зерттеудің халықаралық орталығын құруды алғаш бастаған жекеменшік университет.

24 сентября 2020
Ақпарат министрі Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында болды

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында болды.

Министрдің Н.Назарбаев орталығына сапары барысында орталық Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ресми сайтымен таныстыру рәсімін өткізді.

Ұжыммен кездесуде Съездің XIX Хатшылығының дайындығы және орталықтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін ұйымдастыруды пысықтау бойынша қабылдаған шаралары талқыланды.

Хатшылық және Съезд қатысушыларымен халықаралық серіктестікті дамыту бойынша міндеттерді әрі қарай жүзеге асыру, сондай-ақ орталықтың әдістемелік, талдамалық және ақпараттық жұмыстарының сапасын арттыру бойынша нұсқаулар берілді.

Кездесуді қорытындылай келе, А.Балаева Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық келісім мен өркениетаралық диалогты нығайту бойынша бастамаларын халықаралық деңгейде насихаттауда орталық жұмысының айрықша маңыздылығын атап өтті.

Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл
21 сентября 2020
Марат Әзілханов Бас мүфти және ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық-ағарту тобының мүшелерімен кездесті

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен, ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық - ағарту тобының (бұдан әрі – РАНТ) мүшелерімен жұмыс бабында кездесті.

Кездесуде «онлайн» форматта қазіргі заманауи технологияларды пайдалану арқылы РАНТ ақпараттық- ағарту жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында еліміздегі дінге сенушілер арасында діни экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алу мақсатында ақпараттық-ағарту жұмыстарының бірқатар өзекті бағыттары туралы ортақ пікір алмасу жүрді.

Дін саласы
11 сентября 2020
Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов блогының ашылуы

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Ашық үкімет» платформасында Дін істері комитеті төрағасының блогы ашылды.

Енді осы бетте ЭЦҚ-кілтіңіздің көмегімен Сіз өтініш бере аласыз, Сізді қызықтыратын сұрақтар қоя аласыз, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша өз идеяларыңыз және ұсыныстарыңызбен бөлісе аласыз.

Блог келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://dialog.egov.kz/blogs/3801089/welcome

Дін саласы
04 сентября 2020
Ержан Нүкежанов «Дінтанушылар конгресі» ҚБ және Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының басшылығымен кездесті.

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов «Дінтанушылар конгресі» ҚБ атқарушы директоры Ж. Сатыбеков және Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының директоры Е. Байболмен кездесті.

Кездесуде Дінтанушылар конгресін дін мәселелері бойынша ғылыми-сараптамалық қоғам өкілдерінің бірлестігі ретінде одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар зайырлылық қағидаттарын пен конфессияаралық келісімді ілгерілетуге, діни экстремизмнің алдын алуға, елдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында Конгрестің жұмысын қайта форматтау жөніндегі жоспарлар туралы пікір алмасты.

Өз тарапынан, Е. Нүкежанов дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Дін саласы
Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл
04 сентября 2020
Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен кездесті.

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және ҚМДБ бөлім басшыларымен кездесті.

Кездесуде карантиннен кейін діни ғимараттардың жұмыс істеуі, діни экстремизмнің алдын алу аясында имамдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, өңірлерде мешіт құрылыстарын реттеу және т.б. мәселелер талқыланды.

Тараптар кездесуде Министрлік пен ҚМДБ өзара әрекеттесуін жетілдіру, сондай-ақ конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысты тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Дін саласы
Деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту
28 августа 2020
Марат Әзілханов «Ақниет» оңалту орталығы басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді.

Ағымдағы жылдың 28 тамызында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов «Ақниет» ақпараттық-насихаттау жане оңалту орталығы» қоғамдық қоры және оның өңірлердегі басшыларымен онлайн-форматта жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қоғамдық қор директоры Ә.Шауметов пен қоғамдық қордың өңірлік филиалдарының басшылары вице-министрге «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландыратын өңірлерде радикалды діни идеологияны ұстанушылармен оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай механизмдерін қамтамасыз ету бойынша гранттық жобаның іске асырылу барысы туралы хабарлады.

Марат Әзілханов жобада қарастырылған іс-шараларды уақытында іске асыру, оңалту шараларын күшейту, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселелерін қозғады.

Сондай-ақ вице-министр өңірлерде діни ахуалды сауықтыру үшін бойынша қоғамдық қор іске асыратын жобаның маңыздылығын, сонымен қатар жобаны іске асыру барысында туындайтын проблемалық мәселелер жөнінде операторға уақытында хабарлау қажеттілігін атап өтті.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы