Тазару күні: Ақтөбеде жастар саябақтарды тазартты

Тазару күні: Ақтөбеде жастар саябақтарды тазартты

 

Ақтөбе өңірінде Наурызнама онкүндігі аясында 23 наурыз – «Тазару күніне» орай жастар «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Шараны Облыстық жастар ресурстық орталығы өткізді. Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындарды таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.

Тазалық акциясына облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ өңірдегі белсенді жастар ұйымдарынан 100-ге жуық жас қатысты.

Іс-шара барысында стелла аумағы қоқыстан тазартылып, қатысушылар ортақ іске белсенді үлес қосқан. Мұндай бастамалар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда тазалық пен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған.