Ақтаудағы Наурыз мерекесі эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты

Ақтаудағы Наурыз мерекесі эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты

[11:59, 23.03.2026] 💫: Ақтауда өткен «Ұлыс күні, қош келдің еліме» атты салтанатты іс-шара мерекелік гала-концертке ұласты. Кеш барысында танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Концерттік бағдарламада елімізге кеңінен танымал әншілер Шираз Нурадинов пен Инабат Джуманиязова жанды дауыста өнер көрсетті. Сонымен қатар сахнада Ғаділбек Жаңай мен Ақылбек Жеменей өз репертуарындағы танымал әндерін орындап, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Гала-концерт аясында ұлттық өнер мен заманауи әуендердің үйлесімі шебер үндесіп, әрбір сахналық нөмір жоғары деңгейде ұсынылды. «Самұрық» би ансамблі мен «Жорға» халықтық би ұжымының көркем қойылымдары кештің сәнін кіргізіп, ерекше әсер қалдырды.

Сондай-ақ жергілікті өнерпаздар Данияр Кенжеғали, Гүлжанар Рафхатқызы, Қарашаш Нысанова, Кәмшат Ізтілеуова және Марат Сафаров кәсіби орындаушылық шеберліктерін паш етіп, көпшіліктің ықыласына ие болды. Қарақалпақстан Республикасынан арнайы келген Лилия Сайлаубаева, «Алтын дауыс» иегері Шынар Болат, Серіжан Масжанов пен Мәдениет саласының үздігі Гүлнара Макина да көрермендерге жүрекжарды сәлемдерін жолдады.

Мерекелік кешке жиналған ақтаулықтар ән мен күйге қосылып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.
[12:00, 23.03.2026] 💫: ⚜️Өзбекстан Республикасының әншілері Шираз Нұраддинов пен Инабат Жұманиязова маңғыстаулықтарды Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесімен құттықтады.

Өнер иелері қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүріне құрмет білдіріп, барша тұрғындарға амандық, береке мен молшылық тіледі.