Щучинск қаласында шаңғы жарысынан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Николай Чеботьконы еске алуға арналған Республикалық жарыстардың екінші күні аяқталды. 2026 жылдың 16 наурызында спортшылар еркін әдіспен ізге түсу (преследование) жарысында бақ сынасты.

Алғашқы күннің барлық көшбасшылары өз топтарында екі күннің қорытындысы бойынша чемпион атанды!

Жеңімпаздар тізімі:

  • Койманбаева Каролина (Солтүстік Қазақстан облысы) және Нұрланұлы Аңсар (Алматы облысы);
  • Кобзарева Ульяна (Астана) және Жұмабай Әлтайыр (Алматы облысы);
  • Мухлаева Даяна (Астана) және Брімжан Нариман (Ақмола облысы, Көкшетау);
  • Рафальская Ольга (Павлодар облысы) және Төреғали Өмірсерік (Ақтөбе облысы).

Спортшыларды тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

Толық нәтижелер хаттамасымен «Лыжный Щучинск» порталында танысуға болады.