Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 80 жылдық мерейтойына орай Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 80 жылдық мерейтойына орай Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту, сондай-ақ қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында:
•​Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған көріністер ұсынылды;
•​Ұлттық ойындар ұйымдастырылды;
•​Ұлттық ән-күй мен би өнерінен концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды;
•​Кітап көрмесі, қолөнершілердің шығармашылығы және тақырыптық таныстырылымдар өткізілді;
•​Кітапхана алдында «Мағжан шаңырағы» атты киіз үй тігіліп, ұлттық нақыштағы ерекше атмосфера қалыптастырылды.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, оқырмандар, жастар мен қала тұрғындары белсенді қатысты. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, Наурыз мейрамының ерекше мерекелік көңіл-күйін сезінді.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кеш соңында белсенді қатысушылар марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Аталған іс-шара Наурыз мейрамының мән-маңызын кеңінен насихаттап, ұлттық рухты көтеруге және мәдени мұраны дәріптеуге өз үлесін қосты.