БІРЛІКТІҢ ТАРИХЫ

БІРЛІКТІҢ ТАРИХЫ

Бүгін “Руханият” орталығындағы Сырдария аудандық тарихи-өткетану музейінде Наурызнама онкүндігінің 21 наурыз – «Ынтымақ» күніне орай «Бірліктің тарихы» атты көрме ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты – қазақ халқының бірлік пен татулыққа негізделген құндылықтарын дәріптеу, ата-баба мұрасын кеңінен насихаттау.

Көрме барысында келушілерге халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігін айқындайтын, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды бейнелейтін тарихи жәдігерлер ұсынылды.

Көрме ұлттық бірегейлікті сақтауға, өткен мен бүгіннің арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталған маңызды мәдени шара болды.