НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА!

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА!

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Наурыз мерекесі күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Негізгі мақсат – төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ мерекенің тыныш әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету.

Құтқарушылар мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда кезекшілік ұйымдастырып, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауда ұстады.

Осыған орай, Төтенше жағдайлар департаменті барша тұрғындар мен қала қонақтарын мереке күндері қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.