
🔹 Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай аудандық спорт кешенінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.
🔹 Мерекелік шараға аудан әкімі Ардақ Ибраимов, аудан ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары және аудан тұрғындары қатысты.
🔹 Шара барысында жастар алтыбақан теуіп, жиналған жұртшылық наурыз көжеден дәм татты.