Бүгін Наурыз мейрамы аясында ерекше балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті. Театр сахнасында «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісі тегін көрсетіліп, кішкентай көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады

Ертегіден кейін балалар Қара жорға биін билеп, арқан тартыс секілді ұлттық ойындарға қатысып, мерекелік бағдарламаны ерекше көңіл-күймен жалғастырды.

Бұл игі бастама – мейірім мен қамқорлықтың жарқын көрінісі. Ерекше балалардың жүзіндегі қуаныш – біз үшін ең үлкен марапат.