«Digital Nauryz» цифрлық жобалар көрмесі

«Digital Nauryz» цифрлық жобалар көрмесі

2026 жылғы 21 наурыз күні сағат 12:00-де Өскемен қаласында «Digital Nauryz» іс-шарасы аясында цифрлық жобалар көрмесі өтеді.

Іс-шара барысында цифрлық бастамалар, инновациялық әзірлемелер, заманауи IT-шешімдер және цифрландыру саласындағы жобалар таныстырылады.

Баршаңызды өңіріміздің болашағын қалыптастыратын озық технологиялар мен перспективалы жобалармен танысуға шақырамыз.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қ.Сәтпаев даңғылы, 51 («Maxi Mall» СОО).