
2026 жылдың 19 наурызы күні Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейiнде әз-Наурыз мерекесi қарсаңында, Көкшетау қаласыдағы ЖОО мен арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары студенттерi арасында "Наурыз нақыштары" атты жас суретшiлер байқауының қорытындысы болып өттi. Байқауға Ш.Уәлиханов атындағы КУ-дiң, Ақан серi атындағы жоғары мәдениет колледжiнің, А.Мырзахметов университетінің суретші студенттерi өз жұмыстарын ұсынды.