2026 жылғы 18 наурызда «Ұлттық киім күні» мерекесін атап өту аясында Ақкөл ауданында этномәдени шеру ұйымдастырылды

2026 жылғы 18 наурызда «Ұлттық киім күні» мерекесін атап өту аясында Ақкөл ауданында этномәдени шеру ұйымдастырылды

Іс-шараға ауданның мәдениет және білім беру саласының ұйымдары, шығармашылық ұжымдардың өкілдері қатысып, ұлттық киімдердің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетті.
«Ұлттық киім күні» – Наурызнама мерекесінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол ұлттық мұраны сақтау мен насихаттауға, мәдени бірегейлікті нығайтуға және қазақ халқының дәстүрлеріне деген құрметті арттыруға бағытталған. Ұлттық киім – халықтың тарихын, дүниетанымын және өзіндік ерекшелігін айқындайтын, ұрпақтан ұрпаққа рухани құндылықтарды жеткізетін маңызды мұра.
Іс-шара аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
Шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарға деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.