
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды шара өтті.
Іс-шара барысында қазақы нақышта ерекше сәнмен киінген қызметкерлерге «Әйелдер күші альянсы» мен “Re women” атынан арнайы кәдесыйлар табысталып, ұлттық киімнің көркемдігі мен мән-маңызы кеңінен насихатталды. Екіжақты ынтымақтастықта өткен бұл игі бастама көпшілікке ерекше әсер сыйлап, рухани жылулыққа бөледі.
Сондай-ақ театрға арнайы ат басын бұрған меймандарға алдағы премьераға шақыру билеттері мен шағын сыйлықтар ұсынылды.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы, рухтың көрінісі. Осы бағытта белсенділік танытып, ұлттық мұраны ұлықтауға үлес қосқан барша әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.