
Астрахан аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен бұл кеш ұлттық рухты асқақтатып, қазақы құндылықтарды дәріптеген жарқын шараға айналды. 🎉
Бағдарлама барысында қатысушылар ұлттық ойындарға белсене қатысып, қазақтың мақал-мәтелдерін жаңғыртып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың терең мағынасын қайта сезінді. Әрбір сәт – бірлік пен берекенің, шаттық пен жылулықтың көрінісі болды.
💫 “Nauryz Party” – тек ойын-сауық қана емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ұлттық мұраны ұлықтаған тағылымы мол кеш болды. Осындай игі шаралар арқылы біз төл мәдениетімізді жаңғыртып, болашаққа нық қадам жасаймыз!
🌿 Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен бұл кеш барша жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Наурыз мейрамының шынайы мәнін паш етті!