Ақтөбеде «Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық спорт күні өтті

Ақтөбеде «Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық спорт күні өтті

 

Бүгін Ақтөбе қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Ұлттық спорт күні ұйымдастырылып, тұрғындар мен қала қонақтарының қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік іс-шара барысында қазақтың төл спорт түрлерінен тартысты жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақ күресі, садақ ату, асық ату, арқан тартыс және қол күрес бойынша бақ сынады. Көрермендер тартысты белдесулерді тамашалап, мергендердің дәлдігі мен қатысушылардың күш-жігеріне куә болды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойындар арқылы қатысушылар мен көрермендер қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрінің мәнін тереңірек сезінді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сый-сияпаттар мен естелік марапаттар табысталды.

Ұлттық спорт күні Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жарқын спорттық мерекеге айналды.