
Наурызнама аясында аталып өтілетін Шаңырақ күні ұрпақтар сабақтастығын, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілікті дәріптейтін ерекше күн болды.
Филармония қабырғасында ауызашар дастарханы жайылып, өнер ордасының ардагерлері мен бүгінгі шығармашылық ұжым өкілдері бір шаңырақ астында бас қосты.
Бұл тек дастархан басындағы кездесу емес, бұл рухани байланыс, тәжірибе мен тағылымның жалғасуы.
Филармония баршамызға ортақ қарашаңырақ.
Осы шаңырақтың уығын көтерген — ардагерлеріміз.
Ал біз — сол киелі орданың түтінін түзу ұшырып, жалғастырушы ұрпақпыз.
Осындай жүздесулер арқылы дәстүр жаңғырып, өнердің тамыры тереңдей түседі.
Құрмет пен алғыс — біздің ең басты құндылығымыз.