«Ұлттық киім күні»

«Ұлттық киім күні»

2026 жылдың 18 наурызы күні Руханият орталығында Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Сырдария аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Наурызнама онкүндігі аясында «Ұлттық киім күніне» арналған «Адал адам – мәдени тәрбие орталығы» тұжырымдамасының «Креативті HUB» жобасы шеңберінде «Ұлттық киім – ұлт ұясы» атты аудандық мәдени-рухани сән көрсетілімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» деген тағылымды ойды негізге ала отырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қазақтың ұлттық киімдерін насихаттау және олардың маңызын арттыру.

Сән көрсетіліміне Тереңөзек кент мәдениет үйі, Тереңөзек кент клубы, Асқар Тоқмағанбетов, Қалжан ахун, Сәкен Сейфуллин ауылдық клубтары қатысып, ұлттық нақыштағы киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Көрсетілім барысында ҚР қолөнершілер одағының мүшесі Әлайдарова Айдана Әлайдарқызының қолынан шыққан ерекше туындылар таныстырылды.

Сонымен қатар, қазақ отбасының өнегелі бейнесі ұлттық киім арқылы сахналанып, ата мен әже, келін мен ұл, бозбала мен бойжеткен, сондай-ақ кішкентай ұл мен қыз бейнелері арқылы ұлттық құндылықтар дәріптелді.

Шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР қолөнершілер одағының мүшесі Әлайдарова Айдана Әлайдарқызының авторлық туындылары таныстырылып, көрермендерге сән-салтанатқа толы ұлттық киім үлгілері ұсынылды.

Мерекелік іс-шара аудан жастарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара соңында барлық қатысушы ұжымдар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.