«Амал келді – жыл келді»

«Амал келді – жыл келді»
Амал мерекесіне орай Сырдария ауданының Бесарық ауылында «Амал келді – жыл келді» тақырыбында кең көлемде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер мен жастар қатысып, ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұсынылды.
 
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев құттықтау сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен құттықтап, барша тұрғындарға амандық, береке-бірлік тіледі. Мерекелік шара аясында ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, көрісу дәстүрі жаңғыртылды. Ауыл тұрғындары бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.