Уақыты: 10-00
Орны: ШҚО, Ұлан ауданы
Мекен -жайы: Бозанбай ауылдық округі, Бозанбай ауылының орталық алаңы
2026 жылдың 20 наурыз күні Бозанбай ауылында Наурыз мерекесін ерекше салтанатпен атап өтеді. Мерекелік шаралар ауыл тұрғындары мен қонақтар үшін қызықты әрі ұлттық дәстүрлерге бай спорт ойындары мен мәдени іс-шаралардан ұйымдастырылады.
Мерекелік іс-шараның бағдарламасы:
- «Наурыз – жыл басы» керуен көрінісі – Қыдыр ата бастаған түйелі керуен, ұлттық киім киген ауыл тұрғындары мен ұжымдар, жылқылы жастар көшенің басынан орталық алаңға дейін шеру жасайды.
- Ашылу салтанаты – Құрметті қонақтар, ауыл белсенділері және ауыл әкімінің құттықтау сөзі.
- Мерекелік концерт – ауылдық округ мекемелерінің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламалар.
- «Ұлыс оң болсын!» көрмесі – ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, наурыз көже тарату.
- Киіз үйлер қалашығы – безендірілген киіз үйлер мен ұлттық дастархан.
- Ұлттық спорт ойындары – ешкі көтеру, қой көтеру, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, тай көтеру, аударыспақ.
Наурыз мерекесі – халқымыздың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін ұлықтайтын, қоғамды біріктіретін үлкен шара. Баршаңызды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Ұлыстың ұлы күні барлықтарыңыздың үйіңізге бақыт пен береке әкелсін!